Барлығы жеті футболшы. ПСЖ Неймарға қатысты бір шешімге келді
"Пари Сен-Жермен" жеті ойыншыны саудаға қойды, оның ішінде Неймар да бар, деп хабарлайды Marca.
"Пари Сен-Жермен" жеті ойыншыны саудаға қойды, оның ішінде Неймар да бар, деп хабарлайды Marca.
Алайда бұл ойыншыларға жаңа команда табу олардың трасферлік құнына байланысты қиындап отыр.
Мәселен, Леандро Паредесаның тарнсферлік құны "Манчестер Юнайтедті" райынан қайтарып тастады, сенегалдық қорғаушы Абду Диаллоға қатысты да осындай жағдай - "Тоттенхэм" оның орнына "Барселона" ойыншысы Клеман Ланглені алуды жөн көрді.
Джорджинио Вейналдум мен Мауро Икардидің айлықтары тым жоғары. Левен Курзава, Неймар, Юлиан Дракслер және Андер Эррера да бас бапкер Кристоф Галтьеге ұнамай отыр.
Айта кетейік, мұның алдында париждік клуб Неймармен келісімшартты ұзартқаны хабарланған еді.
Жарнама