"Бар жауапкершілікті мойныма аламын және уәде беремін". Кака Қазақстан құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Еуро-2022 турнирін қорытындылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақстан құрамасын жаттықтыру - оңай жұмыс емес, өйткені жұмыс нәтижесі бүкіл елге әсерін береді. Бүкіл ел жеңіс күтіп отырғаны өте үлкен оқиға. Халық алдындағы міндетім қандай екенін жақсы түсінемін. Нәтиже үшін жауапкершілікті толықтай мойныма аламын және команда мықтырақ болып оралатынына уәде беремін. Біздің жанкүйерлер бізді мақтан тұту үшін бар күшімізді саламыз. Біздің құрама әрдайым соңына дейін айқасады. Алға, Қазақстан", - деп жазыпты Кака. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар