Бапкерлер штабын толықтай жұмыстан шығарған команда жаңа мамандармен келіссөз жүргізуде

©"Ақсу" ФК

Павлодарлық "Ақсу" клубы премьер-лигада өнер көрсету үшін жаңа бапкер іздеуде, деп хабарлайды Vesti.kz.

ҚПЛ-ге көтерілген клуб барлық бапкерін жұмыстан босатты

Sports.ru мәліметінше, қазіргі таңда "Мақтааралды" жаттықтырған Константин Горовенко және "Таразға" бапкер болған Вардан Минасянмен келіссөз жүріп жатыр. 

Еслямов команданы 2021 жылдың ақпанынан жаттықтырған еді. Павлодар облысы клубының бапкерлері қатарында Виталий Вихлянов (бас бапкер көмекшісі), Вадим Бутенко (қақпашылар бапкері) және Расул Маруа (физикалық дайындық бапкері) болған.

Былтыр осы мамандардың жетекшілігімен "Ақсу" үш жылдық тарихында алғаш рет премьер-лигаға шыққан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport