Футбол
Бүгін 10:49
 
Бапкерді қабырғаға тақап тұрып ұрды. ЧЛ матчі жаппай қырқыспен бітті

  Пікірлер

blog.share

Бапкерді қабырғаға тақап тұрып ұрды. ЧЛ матчі жаппай қырқыспен бітті ©Видеодан кадр

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі франциялық "Лион" мен түркиялық "Фенербахче" арасындағы қарымта матчтан кейін төбелес болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Лионда өткен кездесуде "Фенербахче" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Ыстамбұл клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Ойыннан кейін франциялық клубтың қақпашылар бапкері Антонио Феррейра түркиялық команданың жартылай қорғаушысы Маттео Гендузиге шабуыл жасады.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан Феррейра трибуна астындағы бөлмеден шығып, Гендузиге секіріп барып, аяғымен соққы жасауға тырысқанын көруге болады. Осыдан кейін футболшы киім ауыстыратын бөлмелерге қарай кетеді, ал өткелге екі клубтың ойыншылары мен қызметкерлері топтасып қалады.

Артынша жаппай төбелес басталды. Ашулы топ Феррейраны қабырғаға тақап, оған бірнеше соққы жасайды. Жанжалдың әрі қарай өршуіне жол бермеу үшін қауіпсіздік қызметкерлері араласып, футболшылар мен бапкерлерді ажыратуға мәжбүр болды.

Бұған дейін матчтан кейін Гендузидің "Лион" жанкүйерлерін арандатқаны хабарланған еді. Кейін франциялық клубқа оның жанкүйерлері ойын кезінде Гендузидің отбасын қорлады деген айып тағылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!