Бапкер Криштиану Роналдуды "Әл-Наср" құрамынан шығарды

©instagram.com/cristiano/

Саудиялық "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду азиялық Чемпиондар лигасында катарлық "Әл-Духаиль" командасына қарсы матчке қатыспайды. Бұл туралы бас бапкер Луиш Каштру мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz

Екі команда арасындағы ойын бүгін, 7 қараша Дохада өтеді. 

"Роналду "Әл-Духаильмен" матчтке қатыспайды, өйткені көп ойын өткізіп, шаршады. Оны алаңда көргісі келетіндердің қатары көп екенін білемін, бірақ оған демалу қажет. Ол дайын емес, алайда бізде өзге де жұлдыздар көп. Сондықтан Роналдуды құрамнан шығардым, өйткені 48 сағат бұрын ол толық матч ойнады, ал оған дейін 120 минут ойнады", - деп береді Каштрудың сөзін Goal.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport