"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Луис Энрике Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турындағы "Боруссиямен" матчтен кейін Килиан Мбаппе туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
F тобындағы кездесу Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Бұл матчте Килиан Мбаппе (49-минут, пенальтиден) және Ашраф Хакими (58) гол салды.
"Мен үшін Мбаппе - қазіргі таңдағы ең мықты футболшы. Мені ең алдымен оның адами қасиеттері тамсандырады, үнемі күліп тұратын ойыншыңның болғаны қуантады. Команда үшін осындай менталитеті мықты көшбасшының болғаны маңызды", - деп береді Энрикенің сөзін RMC Sport.