Футбол
29 шілде 2021 09:40
 

Бапкер "Қайраттың" Чемпиондар лигасынан шығып қалуына кінәліні атады

  Пікірлер

blog.share

Бапкер "Қайраттың" Чемпиондар лигасынан шығып қалуына кінәліні атады Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі "Црвена Звездамен" мачтке қатысты қорытынды пікірін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі "Црвена Звездамен" мачтке қатысты қорытынды пікірін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бас бапкер ретінде, осы ұтылыс үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. "Црвенаның" күші туралы айтпай-ақ қояйын, өйткені біз ойнай алатын футболымызды көрсете алмадық. 

Матчке дейінгі мүмкіндігіміз 50 де 50 болды. Өкінішке қарай 0:5 есебімен ұтылдық. Енді бір аптадан кейін өзге еврокубокта өзімізді көрсетуіміз керек", - деп береді маманның сөзін клубтың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, ЧЛ іріктеуінің Белградта өткен қарымта кездесуінде алаң иелері 5:0 есебімен ұтты. Осылайша, қос ойын қорытындысы бойынша (6:2) келесі кезеңеге "Црвена Звезда" өтті. Ал "Қайрат" Еуропа лигасы іріктеуінің үшінші раундына жолдама алып, "Алашкертпен" ойнайды. Армениялық команда да ЧЛ іріктеуінде молдовалық "Шерифтен" ұтылды. 

"Қайрат" пен "Алашкерт" арасындағы бірінші матч 5 тамыз Алматыда, ал қарымта - 12 тамыз Ереванда өтеді.

Осы текетіресте алматылық клуб ұтса, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтеді, ал ұтылса - Конференция лигасының плей-офф кезеңінде ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!