Бапкер "Қайратпен" ойындағы адам өміріне қауіпті ереже бұзу жазасыз қалғанын айтты

12 қыркүйек 2022 09:56
©Видеодан скрин

"Тұран" футбол командасының бас бапкері қызметін атқарушы Александр Кучма ҚПЛ 19-турындағы "Қайратпен" матчтегі төрешілер шешіміне қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кучма ойынның басында Андрей Ульшиннің қақпашы Ержан Токотаевтың басынан тепкеніне қатытсы наразылығын білдірді. 

Қырғызстандық голкипер ары қарай ойнай алмай, сегізінші минутта алмастырылды. 

"Мынау үшін алаңнан қумай ма? Адамға 9 жерден тігіс салды!" - деп жазыпты ол Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport