Бапкер қапалы. Шпилевксий "Қайраттың" кезекті сәтсіздігін түсіндірді
"Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский футболдан Қазақстан чемпионатының тоғызыншы турындағы "Кызыл-Жармен" матчке (1:1) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі.
"Қайраттың" бас бапкері Алексей Шпилевский футболдан Қазақстан чемпионатының тоғызыншы турындағы "Кызыл-Жармен" матчке (1:1) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі.
"Бәріміздің көңіліміз түсіп кетті, кезекті рет болмайтын жерден екі ұпай жіберіп алдық. Жігіттер жеңіске ұмтылды, бұл байқалып тұрды. Бар назарымызды салып, қателік жібермеуге тырыстық. Тағы да бүкіл команда болып қорғанатын қарсыласпен ойнадық. Футболда ең қиыны - осындай қорғанысты бұзу. Қателіктер болса да, бізде гол салатын сәттер көп еді. Қарсыластың бір ғана қауіпті стандартында жеке екі қатеге бой алдырғанымыз өкінішті. Ойынға салған күшіміз ақталмай жатыр. Ойыншылар қарқынды жұмыс істеп, өздеріне ғана сену керек. Өзімізге өзіміз ғана көмектесе аламыз", - дейді Шпилевский.
Тоғыз турдан кейін "Қайрат" 16 ұпаймен турнир кестесінде төртінші, көшбасшы болып тұрған "Астанадан" жеті ұпай кем.
Жарнама