Бразилиялық "Деспортива Ферровиария" командасының бас бапкері Рафаэль Сориано "Нова Венеция" қарсы кездесуі барысында әйел төрешіні баспен ұрды, деп жазады "Спорт-Экспресс" басылымы.
Бұл жағдай үзіліс кезінде болды. Сориано алаңға шығып, төрешіге шығымын білдіргісі келеді. Бірақ осы қылығы үшін ол сары қағаз алды. Содан кейін бапкер төреші Марсиэли Неттоны баспен ұрып жіберді.
Осы жағдайдан кейін клуб Сорианоны бірден қызметінен босатқанын мәлімдеді. Ал штаттың спорттық соты маманды тергеу жұмыстарын жүргізу үшін 30 күнге шеттетті.
Айта кетейік, бұл кездесуде "Деспортива Ферровиария" командасы 1:3 есебімен жеңілді.