auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жарнамалық материал

Балаңыздың футболға деген махаббатын оятыңыз

Балаңыздың футболға деген махаббатын оятыңыз
©

Әлемдегі ең көп тамашаланатын 10 спорттық іс-шараның бесеуі футболмен байланысты. Ал көрермендер саны бойынша футболдан әлем чемпионаты тек Жазғы Олимпиада ойындарынан ғана аз жинайды. Футболды ересектердің де, балалардың да сүйікті спорт түрі деп атауға болады. Ендеше "Искра" жобасы бұл бағытта тегін футбол клубтарын ашу арқылы балаларға қолдау көрсетеді. 2022 жылы Қазақстанда осындай 3 футбол клубы ашылды, ал 2023 жылы кем дегенде тағы 3 клубты ашу жоспарда бар.

"Искра" – бұл inDrive халықаралық компаниясының коммерциялық емес жобасы. Жобаның басты мақсаты шағын қалалар мен елді мекендердің балаларына футбол ойнауға мүмкіндік беру. Бұл жобаның дәстүрлі спорт мектептерінен түбегейлі айырмашылығы – қалай да болсын чемпиондарды тәрбиелеу ғана емес, балалардың футболға деген қызығушылығын оятып, ойын арқылы балаларды бақытты етуге тырысу. 

Жобаға қатысу үшін еліміздің кез келген түкпірінен футбол жаттықтырушылары мен спорт әуесқойлары өтініш бере алады. Сәтті қарастырылған жағдайда жоба сол ауылдағы балалар үшін тегін футбол клубтарын ашады және барлық қаржылық шығындарды өз мойнына алады.

Рахаттана ойнау

Жобаның негізіндегі басты құндылықтар – қауіпсіздік, ашықтық, жағымды атмосфера, тұлғаны дамыту, жауапкершілік және ынтымақтастық. Жобаның ұйымдастырушылары әр баланың үлкен шығармашылық әлеуеті бар екеніне сенеді және "Искраның" міндеті оларға спорт арқылы өзін-өзі танып, ұмтылыстарын қолдап, оларды қуантуға көмектесу.

Секциядарда 6 жастан 12 жасқа дейінгі кез келген бала жаттыға алады. Олардың спорттық дайындық деңгейі, физикалық немесе психикалық ерекшеліктері қатты маңызды емес. Бұл жас аралығы белгілі бір себептермен таңдалды. Дәл осы жаста футбол командалық ойын ретінде қарым-қатынас орнатуға және басқалардың пікірімен санасуға, төзімділік пен ептілікті, тез жауап беру және шешім қабылдау қабілетін дамытуға көмектеседі. Демек, футбол мінездің маңызды қасиеттерін дамытатын спорт түрі. Ал "Искра" оқушыларының болашағы спортпен байланысты болмаса да, ондай пайдалы қасиеттер өмірде нәтижеге жетуге көмектесетініне сөзсіз сенеді.

Одан басқа, кез келген оқу процесіндегі сияқты, көп нәрсе жаттықтырушыға байланысты. "Искра" жобасындағы жаттықтырушының басты міндеті – ойын барысында жағымды және достық атмосфераны құру, шәкірттеріне ашық болуға, ойынды сүюге және өзін команданың бір бөлігі ретінде сезінуге шақыру. Әрине, футболды шын сүйетін, балалармен қарым-қатынасты жақсы білетін адам ғана осындай зейінді, түсінетін жаттықтырушы бола алады.

Сол үшін оның кәсіби жаттықтырушы болуы міндетті емес, өйткені жұмысқа кіріспес бұрын барлық үміткерлер арнайы бағдарлама бойынша нұсқау алады, оқу жоспарын, балалармен дұрыс қарым-қатынас құруға және кері байланыс алуға үйренеді.

"Искра" қатарына қосылыңыз

 Қазіргі таңда "Искра" аясында Жәнібек ауылында (Батыс Қазақстан облысы), Зеренді ауылында (Ақмола облысы) және Ұлытауда (Ұлытау облысы) балаларға арналған үш футбол клубы жұмыс істейді, оларда барлығы 150 бала жаттығады. Келесі жылы жоспарда елімізде кем дегенде тағы 3 клуб ашу бар.

Жоба күнтізбесі

Барлығы әлеуетті жаттықтырушының өтінішінен басталады. Өтінішті https://iskra.football/kz/ru/application  сілтемесі бойынша ұйымдастурушыларға жіберуге болады. Өтініштерінің негізгі қарастырылуы көктемде (наурыз-сәуір) өтеді. Дегенмен, өтінішті жылдың кез келген уақытында тапсыруға болады. Келесі кезеңде кандидат сұхбаттан, іріктеуден, қауіпсіздікті тексеруден өтеді және дәріс алады. Күзге қарай (тамыз-қыркүйек) жаңа клубтар ашылуға дайындалады, осылайша, ата-аналар мен оқушылар оқу жылының басында жаттығуға ыңғайлы уақытты таңдай алады.

Қатысу шарттары

Жобадағы тағы бір маңызды шарт – жаттықтырушы оқыту үшін дайын алаң ұсынуы керек. Бұл мектептің спорт залы немесе футбол алаңы болуы мүмкін. Ең бастысы – ол жерде балалар спортпен айналыса алатын жағдай болса болғаны. Жобаны ұйымдастырушылар жалға алу ақысын төлеуге дайын.

Айта кететін нәрсе, "Искра" спорт алаңдарын салумен айналыспайды, бірақ дайын спорт орындарын қарастырады. Мысалы, Ұлытауда жаттығу өтетін жабық ангар қыста өте суық болып шықты. Жоба Ұлытау ауданы ауылдық әкімдігімен бірігіп, қазір жылу жүйесін жөндеу, электр қазандығын ауыстыру, жылу жабдықтарын сатып алу жұмыстарымен айналысуда. Нәтижесінде "Искра" мектебінің оқушылары да, жергілікті мектептің оқушылары да осы алаңда жаттығатын болады.

"Искра" жаттықтырушы мен балаларды сабаққа қажетті формамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жаттықтырушыларға бәсекеге қабілетті жалақы төленеді. Сабақтар балалар үшін тегін өтеді.

Кішкентай балаларға арналған үлкен жоспарлар

Жақында "Искра" халықаралық деңгейге шығады және inDrive жұмыс істейтін басқа елдерде пайда болады. Бірақ жобаның негізгі қағидасы өзгермейді – ол коммерциялық емес және чемпиондарды өсіруге емес, балаларды дамытуға бағытталған жоба болып қала береді. Алайда, егер оқушыларымыз үлкен спорттық жетістіктерге жетіп жатса, біз олар үшін тек қуанамыз!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама