Бахтиер Зайнутдиновтың ыстамбұлдық клубта қанша айлық алатыны айтылды

©instagram.com/besiktas

Бейресми ақпарат құралдарында Стамбулдың "Бешикташ" клубында ойнайтын легионерлердің жалақысы жарияланды. Олардың қатарында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов та бар, деп жазады Мassaget.kz

Түркиялық клубтағы легионерлер қатарында ең көп жалақыны Винсен Абубакар алады. Оның жылдық табысы 3 миллион еуроны құрайды. 

Тізімдегі ақпарат бойынша Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы жылына 1,2 миллион еуро еңбекақы алады.

"Бешикташ" Алекс Окслейд-Чемберлен және легионерлер үшін 11 миллион еуро шығындайды. Оның біразы түрлі себептерге байланысты ойнап та жүрген жоқ. Бұл деген барып тұрған бассыздық, - деп жазды түрік журналисі Мұстафа Караташ. 

Айта кетейік, "Бешикташ" желтоқсан айының ортасында 5 бірдей шетелдік ойыншысын негізгі құрамынан алып тастады. Олардың қатарында Венсан Абубакар, Валантен Розье, Эрик Байи, Рашид Геззаль мен Жан Онана бар. Эрик Байи Испанияның "Вильярреал" командасына ауысып үлгерді. 

"Бешикташ" 17 ойыннан 29 ұпай жинап, Түркия Суперлигасында 4-орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport