Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов жарақатынан кейін Ресей Премьер-лигасының 13-туры аясындағы «Зенитке» қарсы матчқа дейін қалпына келуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Зайнутдинов 12-турдағы «Ахматқа» (2:2) қарсы ойында жарақат алып, үзілістен кейін алаңнан кетуге мәжбүр болған еді.
– «Бахтиёр сол кездесуден кейін аздап ауырсыну сезінуде, сондықтан Ресей кубогындағы “Крылья Советовқа” қарсы ойынға дайындалған жоқ. Қажетті емдік шаралардың барлығы жүргізіліп жатыр. Алдағы екі күнде жағдайын бағалаймыз. Антон “Зенитке” қарсы ойынды өткізіп алады, ал Бахтиер бойынша бейсенбі мен жұмада шешім қабылдаймыз — терапияға қалай жауап беретінін көреміз», – деді мәскеулік клубтың дәрігері Александр Родионов.
«Зенит» – «Динамо» арасындағы кездесу 26 қазанда, сағат 19:30-да (Астана уақытымен) өтеді.
Айта кетейік, «Зенит» сапында Зайнутдиновтың Қазақстан құрамасындағы серіктесі, қорғаушы Нұралы Әліп те өнер көрсетеді.
Жарнама