Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде үштікке енді
23 жастаы жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапында сегізінші голын соқты, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
23 жастаы жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасы сапында сегізінші голын соқты, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Мәскеулік ЦСКА командасының футболшысы Босния және Герцеговина құрамасының қақпасына 90+6 минутында гол соқты. Осылайша, ол Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы үшінші үздік сұрмерген атанда. Зайнутдинов Дмитрий Бяков пен Сергей Хижниченконы қуып жетті.
Бірақ бұл сегіз гол үшін Зайнутдинов 18 ғана кездесу өткізді. Ал Бяков болса 33 ойын өткізсе, Хижниченко 52 ойында 8 гол соқты.
Қазақстан тарихындағы үздік сұрмергендер:
1. Руслан Балтиев — 13 гол (73 матч);
2. Виктор Зубарев — 12 (18);
3-5. Бахтиер Зайнутдинов — 8 (18);
3-5. Дмитрий Бяков — 8 (33);
3-5. Сергей Хижниченко — 8 (52);
6. Нұрбол Жұмасқалиев — 7 (58).
Жарнама