Мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасына қосылу үшін Финляндияға келді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасы бүгін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Финляндия құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойынға Талғат Байсуфинов жаттықтыратын біздің құрама 2 қыркүйек күні ұшып кеткен. Бірақ ол кезде виза мәселесіне байланысты Бахтиер Зайнутдинов бара алмаған еді.
Енді бүгін Зайнутдинов командадан бөлек, өзі жеке Хельсинки қаласына барған. Бірақ Финляндия құрамасына қарсы кездесуге қатыса ма, қатыспай ма белгісіз болып тұр.
Жартылай қорғаушы құрамамен ары қарай Босния және Герцоговинаға барады. Ол осы кездесуде алаңға шығуы әюбен мүмкін.
Айта кетейік, Финляндия мен Қазақстан арасындағы ойын Хельсинкидегі Орталық стадионда өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.