Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасымен бірге Финляндияға бармады
Футболдан мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасымен әлем чемпионатына іріктеу матчына қатысу үшін Финляндияға бармады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы бүгін, 2 қыркүйек күні Финляндияға ұшады.
Біздің қолда бар ақпарат бойынша, Бахтиер Зайнутдинов Финляндияға виза жасатып үлгермеген. Жаздың ортасында жартылай қорғаушының құжатын ЦСКА өкілдері Австрияға виза жасатуға алған. Сосын ол дер кезінде Қазақстан футбол федерациясына құжатын беріп үлгермеген. Сондықтан бұл футболшы Финляндияға виза ала алмай қалған.
Айта кетейік, Қазақстан мен Финляндия арасындағы іріктеу кезеңіндегі ойын 4 қырүйек күні Хельсинкиде болады. Нұр-Сұлтан уақытымен бұл кездесу 19:00-де басталады.
Жарнама