Бахтиер Зайнутдинов Францияға қарсы матчқа қатыса алмайды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов әлем чемпионатының іріктеуінде Франция құрамасына қарсы кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Зайтундинов Финляндияға қарсы кездесуде сары қағаз алып қалды. Бұл жартылай қорғаушымыз үшін іріктеудегі екінші сары қағаз. Бұған дейін ол Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуде де сары қағаз алған болатын. Осыған байланысты Қазақстан құрамасының белді ойыншысы Францияға қарсы матчқа қатыспайды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 14 қараша күні сырт алаңда өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: