Еуропа лигасы матчінде загребтік "Динамодан" ұтылғаннан кейін (1:3) ЦСКА бапкері Виктор Гончаренко командадағы жаңа ойыншылар ойдағыдай пайдалы болып жатпағанын айтады.
"Шабуылды айтарлықтай күшейттік, дегенмен, үш-ақ гол және ешбірі өз алаңымызда емес? Жағдай былай, негізгі ауыртпалық бәрібір былтырғы маусымда ойнаған футболшыларда. Гайчті бейімдеп жатырмыз, Юки (Эджуке), Фукса бізде жоқ, Баха (Бахтиер Зайнутдинов) ғана ойдағыдай ойнап жүр. Келесі желтоқсанда басқаша сөйлеп тұратындай команданы жасақтауға уақыт беріп, қолдау көрсетіп жатыр ма? Бірінші - қолдауды сеземін. Екінші - чемпионаттағы екі матчті өте жақсы ойнауымыз керек. Содан кейін ғана келесі жылдың желтоқсаны туралы ойлаймыз - бұл әлі тым алыс", - деп береді Гончаренко сөзін Rusfootball.info сайты "Матч ТВ" арнасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, бірде-бір жеңіске жете алмаған ЦСКА топтық кезеңді соңғы орында аяқтады.