Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асылан Дарабаев БАӘ құрамасына қарсы жолдастық кездесуге қатыспайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
БАӘ мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу ертең, 19 қараша күні Абу-Даби қаласында өтеді.
"Асылан Дарабаев отбасылық жағдайына байланысты 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен өтетін ойынға қатыспайды. Футболшы жарының әкесі қайтыс болуына байланысты елге оралады. Асыланның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз!
Сонымен қатар, алдағы ойынға арқа жарақатына байланысты Абзал Бейсебеков қатыспайтын болды. Тезірек сауығып кеткеніңді тілейміз, Абзал!", - делінген ҚФФ таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, ертеңгі кездесуге сонымен қатар Рамазан Оразов та қатыса алмайды.