Әзірбайжанда келісілген матч үшін 25 футболшы шеттелді

18 желтоқсан 2019 16:42
© livesport.ru
Әзірбайжанның футбол федерацияларының қауымдастығы (АФФА) елдегі алты клубтан 25 ойыншыны келісілген матчтер өткізгені үшін футболға қатысты кез келген қызметтен шеттеті. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланған. 

Қауымдастықтың тәртіптік комитеті мұндай шешімді Әзірбайжанның бірінші дивизионындағы ("Агсу", "Туран-Товуз", "Зира") және аймақтық лига командаларының ("Успех", "Агсу-Сити", "Альянс") күдікті ойындарды тергеуден кейін қабылдады. Сонымен бірге, қауымдастық УЕФА есептерін есепке алды. Осылайша, 25 футболшы мен клубтардың үш функционері жазаға тартылды. 

Шеттелген 17 ойыншы "Агсу" сапынан. Сонымен қатар, бұл клубтың атқарушы директоры, бапкер мен клуб қызметкері де жазаланды. Жазаға тартылған тағы жеті ойышы "Туран-Товуз" командасынан. Ал "Успех", "Агсу-Сити" және "Альянс" клубтарының бір-бір мүшесі шеттелді.