Әзірбайжан құрамасының капитаны Қазақстанға қарсы кездесуге қатыспайды

14 қыркүйек 2022 19:07
©Azerisport

Футболдан Әзірбайжан құрамасының капитаны Максим Медведев Ұлттар лигасында Қазақстанға қарсы кездесуге қатыспайды, деп жазады Azerisport.com порталы. 

Әзірбайжан құрамасы мен "Карабах" командасының қорғаушысы жарақат алып, бір айға қатардан шығып қалды. Ол Еуропа лигасы, "G" тобында германиялық "Фрайбург" командасына қарсы кездесу алдында жарақат алған. 

Осылайша, Медведев Ұлттар лигасында Қазақстан мен Словакия құрамаларына қарсы кездесуге қатыса алмайтын болды. 

Айта кетейік, Әзірбайжан мен Қазақстан құрамасы арасындағы кездесу 25 қыркүйек күні Баку қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport