Футбол
2 маусым 2022 19:19
 

Әзірбайжан құрамасының футболшысы Қазақстанмен кездесу туралы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Әзірбайжан құрамасының футболшысы Қазақстанмен кездесу туралы ойын айтты ©azerisport.com

Әзірбайжан құрамасы Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы кездесуде ұпай алуға ниетті. Мұндай пікірді бүгін ойын алдындағы жиын кезінде Әзірбайжанның капитаны Максим Медведев айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Әзірбайжан құрамасы Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы кездесуде ұпай алуға ниетті. Мұндай пікірді бүгін ойын алдындағы жиын кезінде Әзірбайжанның капитаны Максим Медведев айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, Әзірбайжан құрамасы Қазақстанға сақадай-сай келген екен. 

"Командасы ішіндегі атмосфера тамаша. Турнирді мүмкіндігінше сәтті бастағымыз келеді. Шаршаған футболшылар жоқ. Соңғы ойынның өткеніне біраз уақыт болды. Бапкер барлығын бақылауда ұстауда. Егер ертең өзіміздің бар күшімізді көрсететін болсақ, жақсы нәтижеге үміттенуімізге болады", - деді капитан. 

"Сіздердің құрамаларыңызда біраз өзгеріс болды. Жаңа футболшылар қосылған екен. Бапкерлеріңіз де жаңа. Сондықтан сіздердің жағдайларыңыз қалай болатынын білмеймін", - деді Медведев. 

Еске салайық, Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы кездесу ертең, 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында болады. Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталады. Бұл Магомед Адиевтің Қазақстан құрамасы бапкері ретінде өткізетін бірінші кездесуі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!