Азия Кубогі U-23. Жапония құрамасы қола жүлдегер атанды
Футболдан Өзбекстанда 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия Кубогінің үшінші орны үшін өткен матчта Жапония жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Өзбекстанда 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия Кубогінің үшінші орны үшін өткен матчта Жапония жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ташкенттің "Пахтакор" стадионындағы ойында Со Оиваның шәкірттері Аустралиядан келген қатарластарын 3:0 есебімен ұтты. Кездесудің 7-минутында Кейн Сато есеп ашса, 39-минутта бұрыштамадан ұшқан допқа аяғы тиіп кеткен Кай Тревин өз қақпасына гол салды.
Үзілістен кейін жапон командасы тағы бір гол соқты. 63-минутта екінші таймда алаңға шыққан Шота Фуджио ерекшеленді. Қорытынды есеп 3:0. Осылайша, күншығыс елінің өкілдері турнирдің қола медалімен марапатталды.
Еске салайық, финал 19-маусымда Өзбекстан мен Сауд Арабиясы құрамалары арасында өтеді. Өзбекстан командасының сапында "Қайрат" жартылай қорғаушысы Жасур Жалолиддинов пен "Ордабасы" қорғаушысы Одил Абдумажидов ойнайды.
Жарнама