Бразилия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Жапония командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен кездесу бес дүркін әлем чемпиондарының 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Есепті 29-минутта Жапония құрамасы ашты. Каишу Сано мергендік танытып, азиялық команданы алға шығарды.
Үзілістен кейін ғана бразилиялықтар таразы басын теңестіре алды. 56-минутта Каземиро алыс бағанаға бағытталған пасты сәтті аяқтап, есепті 1:1-ге жеткізді.
Кездесудің тағдыры қосымша уақыттың бесінші минутында шешілді. Габриэл Мартинелли қақпа алдында туған мүмкіндікті мүлт жібермей, Жапония қақпашысы Дзион Сузукиді қапы қалдырды. Осылайша, Бразилия жеңісті жұлып әкетті.
Енді Бразилия құрамасы 1/8 финалда Кот-д'Ивуар мен Норвегия арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.