Азат Нұрғалиев футболдан Қазақстан чемпионатында тарихи көрсеткішке қол жеткізді

©"Тобыл" ФК

"Тобылдың" жартылай қорғаушысы әрі капитаны Азат Нұрғалиев "Қызыл-Жарға" қарсы ойында (0:2) өзінің Қазақстан премьер-лигасындағы 458-ші кездесуін өткізді.

Осылайша, "Тобылдың" капитаны Серік Жейлітбаевтан асып түсіп, премьер-лигада ең көп ойын өткізген екінші ойыншы атанды. Қазақстан чемпионатында Азат Нұрғалиев 2004 жылы 15 сәуірде Қызылордада "Қайсарға" қарсы матчта дебют жасады.

Азат Нұрғалиев премьер-лигада 458 кездесу өткізіп, 88 гол соқты.

Премьер-лигада ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімі (1992-2021 жыл):

1. Нұрбол Жұмасқалиев - 523 матч;

2. Азат Нұрғалиев - 458;

3. Серік Жейлітбаев - 457;

4. Самат Смақов - 452;

5. Мақсат Байжанов - 446.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар