Азар, Бейл және басқалары. "Реал" жазда командадан кететін футболшылардың тізімін жариялады

©Reuters

Мадридтік "Реал" жазда он ойыншымен қоштасады. Бұл туралы Goal порталы хабарлайды. 

Маусым соңында Гарет Бейл, Иско және Марсело командадан кетпекші. Олардың келісімшарты 1 шілде күні аяқталады. Ал команда аталған футболшыларға жаңа келісімшарт ұсынбайды. Осылайша клуб 60 миллион еуро үнемдеп қалады. Осы ақшалармен "Реал" Килиан Мбаппені сатып алмақшы. 

Сонымен қатар, жазда мадридік ұжым Эден Азар, Лука Йович, Мариано Диас және Хесус Вальехоны командадан кетіреді. Азар мен Йовичті жалға беруі ықтимал. 

Бұл ойыншыларда бөлек, "корольдік" клуб Марко Асансио мен Дани Себаольсты да сатуға дайын. Соңғы екі футболшының келісімшарттары 2023 жылдың жазына дейін жасалған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport