Айып алаңынан гол салған Месси Аргентина құрамасының рекордын бұзды

Сурет: UA-Football

Бразилияда өтіп жатқан Америка кубогының топтық кезеңіндегі матчте Аргентина мен Чили құрамалары тең түсті.

A тобындағы кездесу Рио-де-Жанейрода өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Аргентиналықтар сапынан 33-ші минутта айып алаңынан Лионель Месси гол салды. Бұған қарымта ретінде 57-ші минутта Эдуардо Варгас есепті теңестіре алды, ол Артуро Видаль сәтсіз тепкен пенальтиді жалғап әкетті.

Месси үшін бұл Аргентина құрамасындағы ресми матчтердегі 39-шы гол болды, осылайша, ол Габриэль Батистута рекордын (38 доп) бұзды.

Құрама үшін Месси жалпы 145 матч өткізіп, 73 гол салған екен. Ал Батистутада 49 кездесуде 45 доп. Барлық матчті есепке алғанда Серхио Агуэро үшінші - 97 ойында 41 гол.

Айта кетейік, "Барселона" үшін Месси өткен маусымда 47 ойында 38 гол салып, 14 нәтижелі пас берген.