auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Айымбетовтің екі голы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады

Айымбетовтің екі голы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады
©Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы Ұлттар лигасы турнирін бастады. Магомед Адиевтің тәлімгерлері алғашқы ойынды елордамызда Әзірбайжан құрамасына қарсы өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осы кездесудің алдында Қазақстан құрамасының бірнеше белді ойыншылары жарақат алып, аталған кездесуге қатыса алмады. Олардың қатарында Бахтиер Зайнутдинов, Стас Покатилов, Серікжан Мужиков, Марат Быстров секілді ойыншылар болды. 

Аталған ойыншылардың жоқ болуына байланысты Адиев жастарға мүмкіндік берді. Жас ойыншылардан алаңға алғашқы минуттан Бауыржан Байтана, Эльхан Астанов секілді футболшылар шықты. 

Ал Әзірбайжан құрамасының бас бапкері Джанни Де Бьязи болса кіл мықты әрі тәжірибелі ойыншыларына сенім артты. Соның арқасында да қонақ команда бірінші кезеңде үстемдікке көп ие болды. 

Әзірбайжан бірінші кезең барысында Игорь Шацкий қорғаған қақпаға 11 соққы жасады. Оның 6-ы қақпаға дәл ұшты. Әсіресе бірінші кезеңнің соңына қарай қонақтар өте белсенді болды. Алдымен 30-минутта Ренат Дадашев қапталдан тепкен еді. Оны біздің қақпашы қайтарып алды. Кейін 36-минутта Азар Салалхи соққы жасаған болатын. Абырой болғанда доп Әзірбайжан ойыншысына тиіп, қақпадан қиыс кетті. 

Екінші кезеңді Қазақстан құрамасы өте белсенді бастады. Бас бапкеріміз екінші тайм басталар алдында Байтананың орнына Рамазан Оразовты алаңға шығарды. Ол алаң ортасында өте белсенді болды. Сөйтіп, 50-минутта доп тура ортада Айымбетовке келді. Абат көп ойланбады. Алыстан қақпаға қақырата тепті. Доп маңдайшаға тиіп қақпаға кіріп кетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы есепті ашты. 

Араға бір минут өткен Рамазан Оразов өз мүмкіндігін оңтайлы пайдаланып, гол соққан еді. Бірақ төреші бейнеқайталау жүйесіне жүгініп, голды есепке алмады. Оразов ойыннан тыс қалған екен. 

Дегенмен арада тағы бірнеше минут өткеннен кейін Қазақстан құрамасы екінші голын соқты. 58-минутта Абат Айымбетов айып алаңына асырылған допқа бірінші жетті де, есепті еселеді. Бұл сәтте де төреші бейнеқайталауға жүгінді. 4-5-минуттай қарады. Соңында шабулшымыздың голын есепке алды. 

Осыдан кейін ойын бір қалыпты, алма-кезек шабуылмен өтті. Қазақстан құрамасының да, Әзірбайжан құрамасының бапкері де тың ойыншыларды шығарды. Бірақ есеп өзгермеді. 2:0. Осылайша, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады. 

Орайы түскенде айта кетейік, бұл Магомед Адиевтің Қазақстан құрамасы бас бапкері ретінде өткізген бірінші кездесуі еді. Тіл-көзіміз тасқа, бапкер сәтті бастады. Алған бетінен қайтпасын. 

Енді біздің ұжым 6 маусым күні Словкия, 10 маусым күні Беларусь құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Екі ойында сырт алаңда болады. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама