Айымбетов шетелдік командаға ауысуы мүмкін

©"Астана" ФК

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Астана" командасының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы қазақстандық футболшыға "Адана Демирспор" клубы қызығушылық танытуда. Команда шабуылшымен қысқы ойыншылар ауысымы аяқталғанға дейін келісімшарт жасасып үлгермек екен. 

Ойыншының алмасуы жайлы келіссөздер аяқталып үлгерген. Жуық арада ресми түрде хабарлауы да мүмкін. 

"Адана Демирспор" жуырда ғана команданың шабуылшысы Мбайе Ньянгпен келісімді тоқтатқан еді. Бұрын "Миланда" ойнаған сенегалдық шабуылшы "Эмполи" командасына ауысып кеткен болатын. Италиялық клуб А сериясында қалу үшін футболшыны 250 мың еуроға сатып алды. 

Абат Айымбетов өткен маусымда "Астана" сапында 25 ойынға қатысып, 8 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport