Айымбетов негізгі құрамда және қақпада Покатилов. Қазақстан құрамасы Украинаға қарсы ойыншылар тізімін жариялады

Фото: КФФ©

2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты іріктеу ойындарында Украинаға қарсы ойында алаңға шығатын Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамынің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚФФ.

Бас жаттықтырушы Талғат Байсуфинов құрамада бірнеше өзгерістер жасады. Бұл жолы қақпаны "Қайраттық" Стас Покатилов қорғайды. Ал Францияға қарсы ойында үздік атанған "Тобыл" командасының өкілі Александр Мокин тіпті қосалқы құрамда да жоқ. 

Тізімге "Астаналық" Абзал Бейсебеков те енбеді. Осыған дейін оның сырқаттанып қалғаны туралы ақпарат шыққан еді. Есесіне негізгі құрамда астаналық клуб көз тігіп отырған  Абат Айымбетов бар. 

Негізгі құрам: Покатилов (в), Досмағамбетов, Марочкин, Малый, Әліп, Валиуллин, Әбікен, Тағыберген, Мужиков, Нұрғалиев (к), Айымбетов;

Қосалқы құрам: Сейсен (в), Шайзада (в), Вороговский, Рудосельский, Керімжанов, Быстров, Тұңғышбаев, Самородов, Үсенов, Астанов, Оразов, Кәрімов;

Ойын Украина астанасы Киевте өтеді. Ойынды Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те тікелей эфирден көруге болады.