"Айнтрахт" Еуропа Лигасының жеңімпазы атанды
Футболдан Еуропа Лигасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Еуропа Лигасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Севильяның (Испания) "Рамон Санчес Писхуан" стадионында өткен финалда Франкфурттың "Айнтрахты" пенальти сериясында Глазгоның "Рейнджерсін" ұтты.
Қос қарсылас бірінші таймда бір-бірінің қақпасына гол соға алмаса, үзілістен кейін шотландиялықтар бірінші болып есеп ашты. Матчтың 57-минутында Джо Арибо "Айнтрахт" қорғаушыларының қателігін пайдаланып кетті. Ал 69-минутта неміс командасы сапынан Рафаэль Борре таразы басын теңестіре алды.
Нәтижесінде тартысты ойын экстра таймға ұласты. Жарты сағатта гол соғылмаған соң, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Пенальти сериясында Айнтрахттың мерейі үстем болып, 5:4 есебімен басым түсті. Джерси сапынан Аарон Рэмзи ғана 11 метрлік айып добын орындауда мүлт кеткенін айта кеткен жөн.
Осылайша, Франкфурт қаласының басты командасы өз тарихында екінші рет еурокубок турнирінде топ жарды. "Айнтрахт" осыған дейін 1979-80 жылғы маусымда УЕФА Кубогін иеленген еді.
Жарнама