"Айнтрахт" Еуропа Лигасының финалына шықты

©Reuters

Франкфурттың "Айнтрахт" клубы Еуропа Лигасының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Апта бұрын неміс ойыншылары Англияда "Вест Хэмді" 1:2 есебімен ұтып кеткен еді. Өз алаңында да сенімді ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. 26-минутта колумбиялық шабуылшы Сантос Борре жеңіс голының авторы атанды. Алайда "Вест Хэм" сапында Аарон Крэссуелл матчтың 17-минутында дөрекі ойнағаны үшін қызыл қағаз алып кеткенін айта кеткен жөн.

Осылайша, "Айнтрахт" араға 42 жыл салып еурокубок турнирінің финалына қайта шығып отыр. Енді финал 18-мамыр күні Испанияның Севилья қаласындағы "Рамон Санчес Писхуан" стадионында "Рейнджерс" клубына қарсы өтеді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport