Айлығын сұраған футболшыларды клуб кеңсесінде битамен ұрып тастаған

22 қыркүйек 2021 09:35
©"Приватный футбол"

Өзбекстандық "Сурхан" футбол клубының бұрынғы ойыншылары еңбекақысын талап еткені үшін соққыға жығылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәлімет көзінің ақпараты бойынша, басшылық футболшылар Жавохир Эсонкулов пен Акром Ходжаевке қарызын жарты жылда төлеп беруге уәде етіп, кеңсеге шақырған. Бірақ...

Кеңсеге келісімен ойыншыларды команда бапкерлері ұстап алып, бита және орындықтармен ұрған, оның үстіне отвертка тығып аламыз және арқанмен қылқындырып тастаймыз деп қорқытқан.  

Осыдан кейін олардың қан киімін алып қалып, таза футболкалар беріп қоя берген екен. 

Әлбетте "Сурхан" басшылығы мұны жоққа шығаруда. Олардың сөзінше, футболшылардың өздері келіп жанжал шығарыпты, ал команда өкілдері қорғанған екен-мыс. 

Айта кетейік, "Сурхан" жоғары лигада өнер көрсетеді. Аутсайдер клуб 18 матчте 14 ұпаймен 13-ші - ең соңғы команданың алдында ғана.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport