Айлығы 7,5 миллион. "Ақсу" ойыншысы Кувейт чемпионатына ауысты

©"Ақсу" ФК

Павлодарлық "Ақсу" командасының ойыншысы Тони Сильва Кувейттік клубпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Vesti.kz

Kommentator_Maulen телеграм арнасының мәліметінше, Сильваның айлығы 17 мың доллар (7,5 миллион теңгедей) болмақ.

"Ақсу" ойыншысы Тони Сильва Кувейт чемпионатындағы "Казма" деген клубқа ауысты. Түркиядағы таныстарымның айтуы бойынша, Тони енді ол жақта айына 17 мың АҚШ долларын алатын болады. Сонымен қатар, ауысқаны үшін де қомақты қаржысы мен түрлі бонустары қарастырылған. Демек, Тони Сильва бір жылда 200 мың еуро көлеміне дейін табыс табады деген сөз", - деп жазыпты арна авторы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport