Әйгілі Марадонаның жейдесі рекордты бағаға сатылды

©www.vesti.ru

Көзінің тірісінде аңызға айналған Диего Марадонаның 1986 жылы жылғы әлем чемпионатында киген жейдесі сатылды, деп жазады "Р-Спорт".

Sotheby's аукцион үйіндегі онлайн сатылымда футболшының жейдесі 9,3 миллион еуроға бағаланды.

Бір қызығы бұл футболка 35 жыл бойы Англия құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Стив Ходждың үйінде болған екен. Сол матчтан кейін қос ойыншы бір-бірімен естелік үшін жейде ауысқан.

Осылайша, спорт әлемінде тұңғыш рет жейде рекордтық көрсеткішке сатылғанын айта кеткен жөн. Осыған дейін "Нью-Йорк Янкис" бейсбол клубының ойыншысы Бэйб Рутаның футболкасы 2019 жылы 5,6 миллион еуроға бағаланған еді.

Еске салайық, 1986 жылы турнирдің 1/4 финалында Аргентина ағылшын құрамасын 2:1 есебімен ұтқан еді. Оңтүстік америкалықтар сапында Марадона дубль авторы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар