Испания құрамасы мен мадридтік "Реалдың" бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс әлеуметтік желіде коминг-аут жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мені құрметтейсіздер деп үміттенемін. Мен геймін. Жексенбілерің жақсы өтсін", - деп жазыпты ол "твиттерде".
Бұл жазбаға Испания құрамасының өзге ойыншысы, "Барселонаның" бұрынғы қорғаушысы Карлес Пуйоль үн қосыпты: "Біздің бастан өткергенімізді ашатын уақыт келді, Икер".
Кейін Касильяс "твиттер" желісіндегі акаунтын біреулер бұзып кіргенін хабарлады.
"Аккаунтымды бұзып кіріпті. Қазір бәрі дұрыс. Барлық жазылушыларымнан кешірім сұраймын. Әрине ЛГБТ өкілдерінен де", - деп жазыпты Икер.