Түркиялық "Галатасарайдың" аргентиналық ойыншысы Мауро Икарди агенттік комиссия төлеуді талап еткен әйелі Ванда Нараны қызметінен босатты, деп хабарлайды Tuttosport.
Икарди қыркүйек айында ПСЖ сапынан "Галатасарайға" жалға алу құқымен билығы маусым соңына дейін ауысқан болатын. Форвардтың түркиялық командаға ауысқаны үшін оның агентіне 1 миллион еуро гонорар төленуі тиіс еді. Алайда Мауро клубтан әйеліне агенттік комиссияны төлемеуін сұрап, онымен қызметтік қатынасын тоқтатқан көрінеді.
Икарди мен Нара 2014 жылы мамырда үйленіп, 2021 жылы ажырасып кеткен еді. Алайда кейін олардың қайта қосылғаны туралы мәлімет тарады. Ал қыркүйекте Нара футболшымен қайта айырылысқанын хабарлады.