Әйгілі Диего Марадона шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Сурет: Bleacher Report

1986 жылы футболдан Аргентина құрамасының әлем чемпионы атанған Диего Марадона Ла-Платадағы ауруханаларының біріне жатқызылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Аргентиналық Todo Noticias басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта "Химнасия және Эсгрим" клубының бас жаттықтырушысы Марадона бірқатар тексеруден өту үшін ауруханада.

30 қазанда 60 жасқа толған спортшы жақында өзін нашар сезіне бастады, қозғалу қиынға соққан.

Мұның алдында Марадонаның коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан оқшауланғаны туралы хабарланған болатын. Дегенмен Диего Марадонаның өкілі бұрынғы футболшының денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын айтады.

Жаңалықтар