Әйгілі бапкер Әзербайжан құрамасын жаттықтыратын болды

©

Португалдық маман Фернанду Сантуш Әзербайжан құрамасына бас бапкер болып тағайындалды. Оған мықты команда жасақтап, 2028 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуде үздік нәтиже көрсету мақсаты қойылды.

Фернанду Сантуш 2014-2022 жылдар аралығында Португалия құрамасын жаттықтырды. 2016 жылы құрамамен Еуропа чемпионы атағына қол жеткізді.

Соңғы рет Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын "Бешикташ" командасына бас бапкер болды.

Күні кеше ғана Әзербайжан құрамасы жолдастық ойында отандастарымызды жеңіп кеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: