2016 жылы Хианник Камба өз елі Конгода көлік апатынан қайтыс болды деген ақпарат шықты. Сол кезде футболшы немістің "Хулс" клубында ойнайтын. Бірақ, 33 жастағы экс-футболшы тірі екен. Қазір ол Гельзенкирхенде тұрады және энергетикалық компанияда химик-технолог болып жұмыс істейді.
Басылым футболшы әйелі мен туыстарының құрбаны болды деп жазды.
"Хианник Камбаның айтуынша, 2016 жылғы қаңтарда Конгода түнде жүргенде таныстары құжаттарын алып, жұбайына берген. Ол сосын күйеуінің өлгені туралы куәлік жасатып алады да, Германиядағы сақтандыру компаниясын алдап, алты сандық соманы алады", - дейді Эссен қаласының прокуроры Анетте Милк.
Оның айтуынша, экс-футболшының бұрынғы әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалған, ал Камба іске куәгер ретінде қатысып жатыр.