Әйел футболшы әлем чемпионаттары тарихында ең үздік бомбардир атанды

Марта (10). Сурет: Reuters
Бразилия құрамасының шабуылшысы Марта Виейра да Силва ерлерді қоса есептегенде футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бомбардир атанды. Бұл туралы OptaJoe статистикалық қызметінің Twitter-аккаунтында жазылған.

Марта Италияға қарсы әйелдер мундиалінің топтық кезеңінде көзге түсті (1:0). 33 жастағы футболшы әлем чемпионаттарындағы 17-ші голын салды. Осылайша, ол Германияның ерлер құрамасы форварды Мирослав Клозеден асып түсті (16). Да Силва бес әлем біріншілігіне қатысқан. 

Марта 2006 және 2010 жылдар аралығы ФИФА тұжырымынша әлемдегі ең мықты футболшы әйел деп мойындалып, 2018 жылы да жүлде иеленді. Бразилия құрамасы сапында ол екі рет Олимпиаданың күміс жүлдегері болды және бір рет әлем чемпионатының күмісін алды. 

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Францияда өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы АҚШ.