Айбол Әбікен төртінші қызыл қағазына байланысты алдағы турға қатыса алмайды
Алматылық "Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Қазақстан чемпионатының 21-турында "Қызыл-Жар" командасына қарсы кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Алматылық "Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Қазақстан чемпионатының 21-турында "Қызыл-Жар" командасына қарсы кездесуге қатыса алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
25 жастағы жартылай қорғаушы өткен турда "Ордабасыға" (1:2) қарсы кездесуде Сағадат Тұрсынбайға қарсы ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды. Сол үшінде Әбікен алдағы турға қатыса алмайды.
Жалпы биылғы маусымда Айбол 18 кездесуге қатысып, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, ол биылғы чемпионатта төрт қызыл қағаз алған.
Бұған дейін "Қайраттың" бас бапкері Құрбан Бердиев Әбікеннің ойынына көңілі толмайтыны айтылған болатын. Бас бапкер Нұралы Әліп пен Вагнер Лавтың да ойынына риза емес екен.
Айта кетейік, 20 турдан кейін "Қайрат" 37 ұпай жинап, ел біріншілігінде үшінші орында келеді. Ал "Қызыл-Жар" командасы болса 32 ұпаймен төртінші.
Жарнама