Аяушылық танытпады. "Астана" өз алаңында "Ақжайықты" ұтты

©Астана ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының 18 турында "Астана" мен "Ақжайық" кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Астана Аренадағы" матч 4:0 есебімен аяқталды. "Астана" сапында Денис Поляков, Педру Эужениу (дубль) және Марин Томасов гол салды.

Осы жеңісінің арқасында Срджан Благоевчи жаттықтыратын елордалықтар 34 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Көш басында тұрған "Ақтөбенің" 38 ұпайы бар.

Еске салайық, биылғы маусымда ішкі чемпионатта өткен жылдағыдай 14 команда сынға түсуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport