Рудный қаласының "Аят" футзал командасы Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бірінші турында хорватиялық "Ново Вриеме" командасымен тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
2-топтағы бұл ойын Хорватияның Макараска қаласында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Екінші таймның 27-минутында Антон Рындин "Аятты" алға шығарған. Бірақ 30-минутта Тони Елавич таразы басын теңестірді.
Ал 32-минутта Леандро соққан голдың арқасында біздің команда тағы алға шықты. Алайда бұл жолы да басымдықты ұстап қала алмады. 36-минутта Азат Валиуллин өз командасының қақпасына гол жіберіп алды. Осылайша, командалар 2:2 есебімен тең тарқасты.
Енді "Аят" командасы келесі кездесуін Португалияның "Спортинг" командасына қарсы өткізеді.