"Аят" Чемпиондар лигасында ірі есеппен ұтылды
Рудныйдың "Аят" футзал клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші ойынында ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Рудныйдың "Аят" футзал клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші ойынында ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық команда Португалияның "Спортингіне" ірі есеппен есе жіберді. Есеп 1:7. "Спортинг" сапында Диего Кавинато (4-минут), Паулета (5, 7-минут), Эрик (16-минут), Угу Силва (20, 34-минут) және Мигел Анжелу (38-минут) гол салды.
"Аяттан" ұлттық құрама ойыншысы Азат Валиуллин (8-минут) бір гол салды.
Осыған дейін отандық ұжым Хорватияның "Нови Пазар" клубымен 2:2 есебімен тең түскен еді.
Енді "Аят" еурокубоктегі келесі кездесуін 29 қазанда Хорватияның "Пула" командасына қарсы өткізеді.
Жарнама