"Аякстың" бас бапкері "Манчестер Юнайтердің" тізгінін ұстауы мүмкін

©Reuters

"Аякстың" бас бапкері Эрик тен Хаг келіссөздер барысында "Манчестер Юнайтед" басшылығының көңілінен шықты, деп хабарлайды The Times.

Дереккөздің айтуынша, дәл қазіргі сәтте 52 жастағы голландиялық маман "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімінде фаворит болып табылады.

"Манчестер Юнайтед" басшылығы жаңа бас бапкердің команда ойынын айтарлықтай өзгерткенін қалап отыр.

Еске салайық, манчестерлік клуб ПСЖ тәлімгері Маурисио Почеттино, "Севилья" бапкері Хулен Лопетеги және Испания құрамасының жаттықтырушысы Луис Энрикені де үміткерлер тізіміне қосты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport