"Аяксты" ойсырата ұтқан "Ливерпуль" ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне өтті

©Liverpool FC

"Ливерпуль" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турында "Аяксті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Амстердамда өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. 

42-минутта Мохамед Салах есеп ашты. Жеті минуттан кейін Дарвин Нуньес басымдықты еселей түсті. Ал жартылай қорғаушы Харви Эллиотт 52-минутта Салахтың пасын сәтті пайдаланып, есеп нүктесін қойды. 

"Ливерпуль" бес матчте 12 балл жинап, жарысты плей-офф кезеңде жалғастырады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар