"Ливерпуль" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турында "Аяксті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Амстердамда өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды.
42-минутта Мохамед Салах есеп ашты. Жеті минуттан кейін Дарвин Нуньес басымдықты еселей түсті. Ал жартылай қорғаушы Харви Эллиотт 52-минутта Салахтың пасын сәтті пайдаланып, есеп нүктесін қойды.
"Ливерпуль" бес матчте 12 балл жинап, жарысты плей-офф кезеңде жалғастырады.