"Аякс" қақпашысы жол апатына ұшырады

©CRTV

"Аякс" қақпашысы жол апатына ұшырады, деп жазады The Sun. Басылымның мәлімдеуінше, қақпашы Яундеден (Камерун астанасы) ұлттық құраманың базасына жеке көлігімен кетіп бара жатқан кезінде жол апатына ұшырады.

Екі көліктің қатты соқтығысқанына қарамастан, ешкім зардап шекпеді.
Еске салайық, Онана "Барселона" академиясының түлегі. 2015 жылдан бері "Аякс" сапында ойнайды. Жазғы маусымда камерундық қақпашы Италияның "Интеріне" ауысады деген ақпарат бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport