"Аяғында нық тұрады". "Висла" ойыншысы Жуковтың мүмкіндіктері туралы

Георгий Жуков. Сурет: gazetakrakowska.pl
Қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуковтың краковтық "Висладағы" әріптестері оның мүмкіндіктеріне қатысты пікір білдіруде. Осылайша, Михал Мак қазақстандық футболшыға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әзірге Жуков "Висладағы" жаңа ойыншылардан жалғыз өзі. 

"Георгий допты жақсы игеретіні көрініп тұр. Аяғында нық тұрады. Ол жерге жабыса жүгіреді деп қалжындаймыз. Оның командадағы рөлін уақыт көрсетеді, бірақ, ол бізді күшейте түседі деп үміттенемін", - деп келтіреді Мактың сөзін gazetakrakowska.pl.
Жаңалықтар